Сәуле Әбілдаханқызы: Өмірде жолы болмаған сорлы ез еркектер өшін өз балаларынан алады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәуле Әбілдаханқызы: Өмірде жолы болмаған сорлы ез еркектер өшін өз балаларынан алады

Сәуле Әбілдаханқызы: Өмірде жолы болмаған сорлы ез еркектер өшін өз балаларынан алады

Тележүргізуші Сәуле Әбілдаханқызы қазіргі кезде көбейіп кеткен жауыз әкелердің жайын айтты. Оларды жазалаудың алдын ала жолын қарастыру керек дейді.

  • 7 Тамыз 2020
  • 785
Фото - Caravan.kz

"Мұндай жауыздар неге көбейіп кетті? Неге өмірде жолы болмаған сорлы ез еркектер өшін өз балаларынан алады? Неге баламды өртеймін деп шыға келеді? Кете ме, жөнімен кетпей ме?

Кеше Өскеменде… Бүгін Мақтаралда… Өткенде Ақтауда… Ертең қайдан шығар екен???…

Бала құқығын қорғайтын органдар бар ма бізде? Жергілікті қамқорлық бөлімдер қайда?

Ішкі істер басқармалары, учаскелік полиция мұндай қылмыстарға "отбасылық жанжал" деп қашанғы көз жұмып қарайды? Әлде сәбилердің анасымен бірге өртеніп өлгенін, өлтіргенін күте ме? Қашанда осындай қылмыстардың салдарын көріп, болары болып, бояуы сіңгенде қылмыстық іс ашып, "ойбай, білмеппіз" деп жүргендері.

Салдармен емес, себеппен күресуді, жауыздықтың алдын алуды қашан қолға алмақ?", — деп жазды.

Тележүргізушінің бұлай жазуына Түркістан облысы тұрғынының ауыр тағдыры себеп болды.

Тұрғын заңгер Айгүл Орынбектен өмек сұрады.

"Кеше кешке Мақтаарал ауданының тұрғыны Раушан ханым хабарласып көмек сұрады. Аталған жайт бойыншаТүркістан Облысының Полиция Департаменті хабарлаған едім. Оқиға бойынша жергілікті Мақтаарал учаскілік полиция инспекторлары балалардың әкесі Серікбай есімді азаматқа істің анық қанығын анықтауға барған. Алайда азамат Серікбай полиция қызметкерлеріне бағынбай, қарсылық білдіріп, полиция капитаны Сапарбаевты көлігімен соғып қашып кетеді. Қәзіргі таңда полиция капитанының алған жарақаты тым ауыр. Аяғы сынып, басқа да дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Қашып кеткен тиран әке ұсталып, ҚР ҚК 380 бабының 2 тармағымен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл іс бойынша тергеп тексеру амалдары жүріп жатыр.


Балалар анасына қайтарылды!!!

Балаларды жауыз әкеден құтқарып қалған Сапарбаев Умирбек Абдиганиевич 1990 жылы туылған азаматымызға алғыс білдіремін!

Халыққа қызмет ету жолында мәртебелеріңіз биік болсын!

Аналарымыз жыламасын, балаларымызға қорған болайық!", — деп жазды заңгер.

Қоғам белсенділері қатігез әкенің лайыты жазасын алғанын қалайды.

 

 

Соңғы жаңалықтар