Сәуле Әбілдаханқызы Оңғар Қабденге: “Қатын сияқты сасығанды қашан қоясыңдар” - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәуле Әбілдаханқызы Оңғар Қабденге: “Қатын сияқты сасығанды қашан қоясыңдар”

Сәуле Әбілдаханқызы Оңғар Қабденге: “Қатын сияқты сасығанды қашан қоясыңдар”

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы блогер Оңғар Қабденге ашуланып, арнайы пост жазды.

  • 23 Ақпан
  • 645
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Оңғар, Оңғар Қабден , басқа-басқа, сен үндемей-ақ қойшы… дәлелсіз жала жапқыштардың кіммен, кімнен, неден, қалай жұмыс істейтінін жақсы біліп алдық қой, такышто шарап…

Басыңа түссе білер едік… ал менің басымнан өткен, сідікжаннан бастап сендер сияқты жала жапқыштардың мың-миллионын көргенбіз… аулақ жүр айналайын.

Елдің ақшасын санағанша, мықты болсаң, әділ де адал болсаң, осы істегі тергеу материалдарын, фактілерді негізге алып журналистік зерттеу жүргіз. Ол қолыңнан келмесе, к@тіңді қыс. Бұл іс сенің сағат сайын екі сөйлем өсек жазып, жүз лайк жинап, жүз мыңдап алып отыратын іс емес. Қатын құсап сасығанды қашан қоясыңдар, сорлылар?

Конституцияны, заңды білмейтінің түсінікті. Сен тым болмаса осы іс туралы бір заңгермен, бір адвокатымен сөйлесіп, тергеу материалдарын, экспертиза қорытындыларын көрдің бе? Ал мен көрдім. Алдыңғы адвокатымен де сөйлескем, кейінгілерімен де сөйлестім. Білесің бе, қай кезде сөйлестім? Сен скриндеп сасып, бықсып отырған сол посттан кейін. Өздері шықты, талай сұрақтарыма жауап берді… былайша айтқанда, таңғалдым… аллегорияласам — шок болдым… Бірақ сұхбат алуға, фактілерді жариялап пост жазуға бас тарттым, себебі сендер сияқты сасықтардан аулақ жүргім келді. "Тек сот процесіне журналист ретінде қатысамын, бұған дейін сот процестерінде қалай жұмыс істесем, солай еркін істеймін, тек соттан, тек фактілерді жариялаймын, толық, ашық ақпарат беремін, оған дейін ештеңе жазбаймын" деп шешкенмін.

Такычто, Сәуле байып кетті деп қорықпай-ақ қой, айналайын. Мүмкін сен қаралау үшін (сасу үшін) ақша алып жұмыс істеп отырған шығарсың… мұндайды "сасу" дейді… сасыма, байғұстың тірлігін істеме, еркек деген атыңа жараспайды… мен қанша табыс тауып, қанша салық төлейтінімді сен тексермей-ақ қой, мені тексеріп отырған органдар онсыз да жетеді… шындап ақылы блогерлік жұмысқа кіріссем, біразың аш қалып, біразың қызғаныштан өртеніп, біразың біреулер құсап асылып қалатын сияқтысыңдар ғой… Қорықпай-ақ қой, мені пайдаланып танымал болып байып кеткен арман, айгүл, құсқан, гауһар, амя, сідікжан, сайрауық, сен сияқты байып кеткен жоқпын, сол баяғы өмір, сол қарыз, сол кредит, сол коммуналка… осы өміріме мың шүкір… күндіз-түні магистрлік жұмыс материалдарын түгендеумен отырмын…

Сұхбат берген өзі, сұхбаттары бүкіл желі бетін шарласа, оны тыңдағанымызға, талдағанымызға, әңгімесіне орай сұрақ туындағанына, біз кінәліміз бе? Ақтау да жоқ, жақтау да жоқ, өз сөзіне өзі қарсы шығып отырған әңгімесіне орай туындаған реальный, адекватный, логичный, дұрыс сұрақтардан басқа не көріп отырсың? Сонау бір ай бұрынғы постты жерден жеті қоян тапқандай скриндеп салудың өзі бейшаралық. Сол кезде-ақ білгем сендер сияқты бықсықтар бықситынын… қысқасы, пнх", — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.