Сәуле Әбілдаханқызы Тәшенов туралы: "Целиноградқа пайдасы тисе тиген шығар, бірақ туған өлкемді Өзбекстанға беріп жібергенін түсіне алмаймын" - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәуле Әбілдаханқызы Тәшенов туралы: "Целиноградқа пайдасы тисе тиген шығар, бірақ туған өлкемді Өзбекстанға беріп жібергенін түсіне алмаймын"

Сәуле Әбілдаханқызы Тәшенов туралы: "Целиноградқа пайдасы тисе тиген шығар, бірақ туған өлкемді Өзбекстанға беріп жібергенін түсіне алмаймын"

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшенов туралы сөз қозғап, туған өлкесін Өзбекстанға беріп жібергені үшін ренішін білдірді.

  • 17 Наурыз 2023
  • 2234
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мен үшін Жұмабек Тәшенов те аңыз адам еді…

"Ақмола облысын орыстардан сақтап қалған" деген әңгіменің өзі не тұрады! Расында, ерлік қой!..

Алайда Целиноградқа пайдасы тисе тиген шығар, но!. Менің туған өлкемді Өзбекстанға беріп жібергенін түсіне алмаймын. Төмендегі құжатты көргенде жүрегім ауырды… әттең-ай деген өкініш өзегімді өртеді…

Сол қателіктің салдары өте ауыр болды. Біздің туған жеріміз, мыңдаған гектар жер Өзбекстанда қалғаны өз алдына. Ол жақтағы ағайындардың қарашаңырақтарын тастап, бері қарай көшуі де, бұл жаққа жайғасып, сіңуі де, күнкөрісті қалыптастыруы да оңай болған жоқ. Квота деген тиын-тебен "садақаға" да қолы жетпегендер қаншама!..

Менің марқұм әкем Әбілдахан "мен неге көшуім керек, бұл жер қазақтың жері, өлсем, осында жерлеңдер" деп, өмірінің соңына дейін Достықта жалғыз үй қазақ боп жалғыз өзі отырды. Соңғы айларында ғана көзі көрмей қалған соң, амал жоқ, бері қарай Жетісайға көшуге келісімін берді. Көшіп келген соң екі айдан кейін марқұм болды. Жылап-еңіреп жүріп, "көшіп келгенінің өзі абырой болды" деп қуандық…

Өзбекстаннан келгендерге жұмысқа тұру да, қызметте өсу де оңай емес. Әлі күнге дейін ол жақтан келгендерді "өзбек, сарт, қарақалпақ" деп көкіректен итеретін жергіліктілердің сөздерін есту моральдық тұрғыда ауыр соққы…


Айтпақшы, күні кешеге дейін екі елдің де шекарасына кірмей қалған Бағыс, Түркістан сияқты ауылдар бар. Тіпті, олардың жеке куәлік, үй құжаты деген сияқты қарапайым құжаттары да болған жоқ. Халықтан салық жинағанда ол адамдар бар да, ол ауылдардың әлеуметтік мәселелеріне келгенде "ондай ауылдар жоқ". Ал қайбір жылдары шекараны бекіткенде, көптеген адамдардың үйі — Қазақстанда, мал қорасы — Өзбекстанда қалып, жұрт жылап-еңіреп, қаншама дау-дамай болған еді…

Бір жапырақ қағаздағы Қаулы… Бір-екі адамның қолы… орынсыз шешімі… қаншама тағдырды қаңғытып жіберді…

Миф жасауға, адамнан идол жасауға қазақтан асқан шебер жоқ…", — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.