Сәулетші елорданы күмбезбен жабуды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 459.6
  • 493.06
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәулетші елорданы күмбезбен жабуды ұсынды

Сәулетші елорданы күмбезбен жабуды ұсынды

Астана сәулетшісі Евгений Невеличков елорданың сол жақ жағалауының үстіне алып мөлдір күмбезді жабуды ұсынуда, деп жазады «Экспресс-К».

  • 31 Қазан 2012
  • 379
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бұл шара күрт континентальдық климаттың қолайсыздығын жоюға көмектеседі.

Сәулетші осындай конструкцияны салу салқын ауа райының проблемасын толық шешіп, қалаға миллиондаған туристерді тартуға мүмкіндік береді деген пікірде. «Осындай күмбез алып жылыжайдың рөлін ойнай алады. Астананың үстінде диаметрі бір жарым-екі шақырымдық күмбезді салу сол жақ жағалаудың дерлік барлық басты нысандарын жабуға мүмкіндік беретін еді. Астана жыл бойы температурасы 20 градус жылылықтан аспайтын гүлденген баққа айналушы еді», — деп сендіреді сәулетші. Невеличконың есептеуінше, осындай күмбезді салуға миллиард доллар жұмсалуы тиіс.

Осыған ұқсас жобаны американдық Хьюстон қаласында іске асыру шамаланып отырғанын атап өтейік. Бұл құрылыс алып қаланы дауылдар мен ыстықтан құтқаруы тиіс. Ол фторпластиктен жасалған биіктігі жарты шақырым және диаметрі шамамен бір жарым шақырым болатын үлкен күмбез. Ол қалалың іскерлік орталығын, жасыл өсімдіктері мен элиталық тұрғын үйлерін жабады.

Соңғы жаңалықтар
Қазақстанға мақта керек пе?
Жаңалықтар 21 Маусым