Саунадағы балалар лагері: іс сотқа жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Саунадағы балалар лагері: іс сотқа жіберілді

Саунадағы балалар лагері: іс сотқа жіберілді

Алматы прокуратурасы қалалық білім басқармасы басшысының ісін сотқа жіберді.

  • 13 Желтоқсан 2023
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына 2023 жылғы 13 желтоқсанда ведомсвтоның баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламада былай делінген:

"Қала прокуратурасы жетім балалар мен оқушыларға арналған лагерьді ұйымдастыру бойынша жеткізуші компанияны конкурстың жеңімпазы деп танығаны үшін бөлім басшысының 12 млн теңге көлемінде пара алуға әрекеттену фактісі бойынша қылмыстық істі сотқа жіберді".

Сондай-ақ қала прокуратурасының нұсқауы бойынша лауазымды тұлғаларды заңда белгіленген жауаптылыққа тарту үшін Алматы қаласының әкімдігіне қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.

Сонымен бiрге Конституцияның 77-бабы және Қылмыстық процестік кодекстiң 19-бабына сәйкес әрбiр адам оның қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәсi заңды күшiне енген сот үкiмiмен анықталғанға дейiн кiнәсiз деп есептеледi.