Саябақта сабантой ұйымдастырылды - Павлодар - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Саябақта сабантой ұйымдастырылды - Павлодар

Саябақта сабантой ұйымдастырылды - Павлодар

Павлодарда осымен 20-шы рет Сабантой мерекесі ұйымдастырылды.

  • 14 Маусым 2011
  • 385
Фото - Caravan.kz

Жыл сайын, жаздың басында, татар-башқұрт этномәдени бірлестігі қалалық саябақта татар хоры мен би ұжымдарының қатысуымен концерт ұйымдастырады, әсем ән шырқалып, сырнай ойналады.

Мерекеге бірлестіктің аудандық бөлімдерінің мүшелері мен тарихи отандарынан қонақтар келеді.

Биылғы Сабантойға 1 мыңға жуық қала тұрғыны жиналды. Онда халық самаурыннан шай ішіп, дәмі тіл үйіретін шак-шактан, ұлттық асхананың түр-түрінен дәм татты.

«Бұл егіннің егу науқанын қорытындылайтын байырғы мереке. Адамдар бір-біріне мол астық, аман-саулық тілейді», дейді татар-башқұрт бірлестігінің жетекшісі Минир Галеев.

Татар-башқұрт диаспорасымен бірге сабантойды Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының барлық этномәдени бірлестіктерінің өкілдері тойлады.

Соңғы жаңалықтар