Саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне қатысты іс бойынша айыпталғандарға үкім шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Саясаткер Алтынбек  Сәрсенбаевтың өліміне қатысты іс бойынша айыпталғандарға үкім шығарылды

Саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне қатысты іс бойынша айыпталғандарға үкім шығарылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today. Алматы облыстық соты саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның көмекшілері Бауыржан Байбосын және Василий Журавлевтың өліміне қатысты іс бойынша айыпталғандарға үкім шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 1 Қыркүйек 2006
  • 476
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, сот үкіміне сәйкес Рустам Ибрагимов өлім жазасына кесілді, мүлкі тәркіленеді. Сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев 20 жылға, Виталий Мирошников 20 жылға бас бостандықтарынан айырылып, мүліктері тәркіленетін болды.

Е.Өтембаев пен В.Мирошников жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.

Осыған дейін хабарланғандай, А. Сәрсенбаев пен оның серіктестерінің тапанша оғынан жараланған денелері 13 ақпан күні Алматы облысы Талғар ауданы Көктөбе және «12 бригада» ауылдары арасындағы ауыларалық тас жолдың бойынан табылған болатын. Саясаткерді ұрлап әкету және өлтіру ісі бойынша он адам, оның ішінде «Арыстан» арнайы қызметінің алты қызметкері күдікті ретінде ұсталған.

Р.Ибрагимовке бірнеше бап бойынша айып тағылды-96 бап (кісі өлтіру), 125 бап(кісі ұрлау), 235(ұйымдасқан қылмыстық топ құру), 251(заңсыз қару-жарақ сақтау), 325 бап(жалған құжат жасау); Е.Өтембаевқа -ҚР ҚК 28 бабы бойынша(өзге адамды қорқытып, ақша беріп немесе басқада тәсілдермен кісі өлтіруге итермелеу) және 96 бап( кісі өлтіру). В. Мирошников 96 бап(кісі өлтіру) және 125 бап(кісі ұрлау) бойынша айыпталған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта