Саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне қатысты іс бойынша айыпталғандарға үкім шығарылды (толықтырылған нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Саясаткер Алтынбек  Сәрсенбаевтың өліміне қатысты іс бойынша айыпталғандарға үкім шығарылды (толықтырылған нұсқа)

Саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне қатысты іс бойынша айыпталғандарға үкім шығарылды (толықтырылған нұсқа)

ТАЛДЫҚОРҒАН. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today. Алматы облыстық соты саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның көмекшілері Бауыржан Байбосын және Василий Журавлевтың өліміне қатысты іс бойынша айыпталғандарға үкім шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 1 Қыркүйек 2006
  • 514
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, сот үкіміне сәйкес Рустам Ибрагимов өлім жазасына кесілді, мүлкі тәркіленеді. Сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев 20 жылға, Виталий Мирошниковта 20 жылға бас бостандықтарынан айырылып, мүліктері тәркіленетін болды.

Е.Өтембаев пен В.Мирошников жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.

Сондай-ақ , Алымжан Ғазиев 11 жыл 6 айға, Еділ Әбікенов 14 жылға , Нүркен Едігеев және Разхан Еспембетов 10 жыл 6 айға , Ерлан Ералиев және Асылхан Тажы 11 жыл 6 айға сотталды. Бәрі жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.

Сонымен қатар, Ерғали Қасымов үш жыл қатаң режимдегі колонияда жазасын өтейді. Жапа шеккен тараптың пайдасына сотталғандардан 9 млн.теңге өндірілетін болады.

Жазаға тартылғандар он бес күн аралығында сот үкіміне шағымдануға құқықтары бар, ал өлім жазасына кесілген Р. Ибрагимов елбасына рақымшылық туралы өтініш жасай алады.

Осыған дейін хабарланғандай, А. Сәрсенбаев пен оның серіктестерінің тапанша оғынан жараланған денелері 13 ақпан күні Алматы облысы Талғар ауданы Көктөбе және «12 бригада» ауылдары арасындағы ауыларалық тас жолдың бойынан табылған болатын. Саясаткерді ұрлап әкету және өлтіру ісі бойынша он адам, оның ішінде «Арыстан» арнайы қызметінің алты қызметкері күдікті ретінде ұсталған.

Р.Ибрагимовке бірнеше бап бойынша айып тағылды-96 бап (кісі өлтіру), 125 бап(кісі ұрлау), 235(ұйымдасқан қылмыстық топ құру), 251(заңсыз қару-жарақ сақтау), 325 бап(жалған құжат жасау); Е.Өтембаевқа -ҚР ҚК 28 бабына (өзге адамды қорқытыпғ ақша беріп немесе басқада тәсілдермен кісі өлтіруге итермелеу) және 96 бабына ( кісі өлтіру) сәйкес. В. Мирошников 96 бап(кісі өлтіру) және 125 бап(кісі ұрлау) бойынша айыпталған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта