Саяси нәубет құрбандары қамалған ҚарЛАГ нысандарын аралауға арналған туристік бағыт ұйымдастырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-12 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Саяси нәубет құрбандары қамалған ҚарЛАГ нысандарын аралауға арналған туристік бағыт ұйымдастырылды

Саяси нәубет құрбандары қамалған ҚарЛАГ нысандарын аралауға арналған туристік бағыт ұйымдастырылды

Қарағанды облысында "ҚарЛАГ" ескерткіш кешенінің тарихи орындарын аралауға арналған жаңа туристік бағыттың тұсаукесері өткізілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Қыркүйек 2003
  • 965
Фото - Caravan.kz

Бағыттың ашылу салтанатына облыстық «Видергебурт» неміс қоғамдық орталығының өкілдері қатысты. Бұл бағытты Қарағандыдағы «Эрфурт и К» туристік фирмасы ұйымдастырып отыр.

Мемлекеттік лагерлерьлер басқармасының (ГУЛАГ) осындағы алғашқы салалық бөлімшелерінің бірі 1931-жылы Қарағанды облысында ашылған болатын. ГУЛАГ-тың Қарағандылық филиалында нәубет жылдарында әр ұлттың 1 миллионнан астам өкілі қамауда отырды.
Бүгінде барлық 26 ҚарЛАГ нысандары арасынан 15-і сақталып қалған. Қарағандылық туристік фирма жиҺанкездерге арналған бірнеше бағыт ұйымдастырып отыр. Бұл бағыттар бойынша туристер ҚарЛАГ астанасы болып саналатын Долинка ауылындағы ашық аспан астындағы мұражайды, ескерткіштер мен нәубет құрбандарының бейітін, сондай-ақ, басқа да тарихи ескерткіш орындарды аралайды.
Шетелдік азаматтардың осынау тарихи орындарға деген қызығушылығы ерекше. Олардың көпшілігі осында жерленген туыстары мен жақындарының хабар-ошарын күні бүгінге дейін іздестіреді. Қарағанды лагерінің ескерткіш орындарында Украина, Польша, Ресей, Жапония және Беларусь үкіметінің өкілдері болып қайтты. 2003-жылдың қыркүйек айында Румыния президентінің Қарағандыға сапары күтілуде. Сапар мақсаты — саяси нәубет құрбаны болған Румыния азаматтарына арнап есткерткіш ашу болып табылады.