«Сайлау науқаны басталғанда-ақ оның немен аяқталатыны белгілі болғандай еді, сондықтан, егер мұнда қандай да оқиғалар, теке-тірестер, қандай да шиеленістер болмаған соң, әрине, журналистер үшін бұл ешқандай қызығушылық тудырмайды. Журналистерге қызық болмаған соң, қоғамдық пікірге тіпті де қызық емес. Біздің қоғамда қалыптастып қалған солғырттықта жағдай осындай болады, ал біздің қоғамда іске аспай қалған ұлы референдумнан соң, көптеген адамдардың сайлау әділ өтеді деген, тіпті сайлауға деген үміттері күл-талқан болған», — деді ол бейсенбі күні Bnewsв порталындағы он-лайн конференциясында, өтіп жатқан сайлауалды науқанға баға бере келіп.
«Мен өзімнің саяси платформамда үнемі айтып келе жатқанмын: адамдардың көңіл күйімен, ниетімен әзілдесуге және ойнауға болмайды деп. Алдымен бір нәрсе ұсынып, ертесіне басқаны, одан соң… Мұның барлығы кейін кері ұрады. Міне сол қазір көрініс тауып отыр – мүлдем солғырттық, мүлдем альтернативсізділік, нәтиже не боларының мүлдем ашықтығы. (…) Ешқандай қызығушылық жоқ, себебі ешқандай шиеленіс, саяси шиеленіс жоқ», — дейді Ғ. Қасымов.
Бұл ретте ол «сайлаудың немен аяқталатыны күн ілгері белгілі болғанымен» президенттік сайлауға қатысып отырғанын «келесі жылы парламенттік сайлауға түсетін патриоттар партиясына қосымша тірек әперу үшін» деп түсіндірді.
«Өткенде (1999-шы жылғы президенттік сайлауға қатысқанда – ҚазТАГ) мен жалғыз болдым, қазір менің артымда партия тұр. Ол кезде мен жас едім, енді егде жастамын. Яғни мен қазір көбінде өзім туралы ойлап отырған жоқпын, және бұл науқанды өзім үшін жүргізіп отырған жоқпын. Бұл келесі жылдың қамы… Біздің партияда қоғамдық санаға тигізетін әсерінен басқа түгі де жоқ», — деп қорытындылады Ғ. Қасымов.
Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 3-ші сәуірде өтеді.
Мемлекет басшысының тағына 4 үміткер: іс басындағы президент Нұрсұлтан Назарбаев, сенатор Ғани Қасымов, эколог Мэлс Елеусізов және коммунист Жамбыл Ахметбеков таласады.