Белгілі әнші Саят Медеуов қазақ қыздары жатжұрттықтың қойнында кетпеуі үшін өз азаматтарымыз тоқал алуы керек деп есептейді. Бұл ойын ол "Астана" телеарнасындағы "Сырласу" бағдарламасында айтқан.
Журналистің екінші әйел алатындарға қатысты сұрағына әнші былай деп жауап берген:
"Мұндай нәрсеге біз қарсы келмеуіміз керек. Ол дұрыс та шығар. Бәлкім, екінші әйелі оны бақытты қылатын шығар. Неге оған біз қарсы шығуымыз керек? Ондайды қолдау қажет. Өйткені онсыз да қазақтың саны аз. Онсыз да біздің қыздарымыз шетелдікке тұрмысқа шығып кетіп жатыр".