Бұл туралы продюсер Баян Алагөзова Instagram-дағы stories-де айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Бір сағат бұрын Жақын досым Арман Дүйсеновтың ұлы өмірден өткенін естідім. Бұл өте жаман жаңалық. Бір айдай бұрын Арманның ұлы Абылай маған алғаш рет хабарласты. Ең жақын тәтесіне хабарласқандай болды. «Бағдарламалардың бірінде әкесі туралы, жағымсыз жаңалықтар айтылады. Екі сағаттан соң болады» деп хабарласты. Мен оған «бір күн бұрын хабарласқаныңда мүмкін шешуге болар ме еді» дедім. Өйткені, екі сағат қалған бағдарламаға ештеңе істей алмайсың. Ол маған «Әкемді жаман жағынан көрсетуде» деді. Абылайдың хабарласқаны ең соңғысы болды. Оның не себептен қайтыс болғанын білмеймін. Арманның әйелі маған хабарласып, «Баян, кешір! Сені мазалағаны үшін», — деді. Мен Арманның қандай адам екенін білемін, оның ұлының жаман болуы мүмкін емес» , — деп көзіне жас алды.