Бұл туралы Тотуыл Шоқан фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Арман Қайназаров деген сазгердің көшеде қаңғыбас күйде жүрген жерінен тауып алып—жуындырып, киіндіріп, тамақ беріп тойғызған Тимур деген жігітті Арманның інісі сотқа бермек.
Ағасын біреу адам кейпіне қайтармақ болғанын—«пайдаланып кетпек ниетте..» деп ойласа керек.
ҚР ҚК 147 бабы дәл осы жағдайды сараптауға жеткіліксіз.
Өйткені, біреудің рұқсатынсыз—фото, видео, аудио, т б дербес ақпараттарды жариялауды;
Кәмелет жасына толмаған немесе мүгедек адамдарға қатысты ақпараттарды — оның қамқоршысы ретінде белгіленген адамдар рұқсатынсыз жариялағанды жазалау;
Құпия ақпараттар сеніп тапсырылған және оны қорғауға міндетті лауазымды тұлғаға қатысты жалған ақпаратты қасақана таратуды шектейтін заң бабы бұл.
Ал, кәмелеттік жастың үшеуін жасап тастаған, фото видео түсіруге өз рұқсатын берген Арманды «адам кейпіне қайтару үшін..» туыстары рұқсаты керек емес.
Арманның өзі арызданса —әңгіме басқа.
Мұны жалған намыс дейді, ағайен…", деп жазды.
Оқырмандар "Арманның інісі көре алмай, іштарлықпен жасап жатқанын" айтты.