SCAT әуе компаниясы тарифтерін 20 пайызға өсірмек - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
SCAT әуе компаниясы тарифтерін 20 пайызға өсірмек

SCAT әуе компаниясы тарифтерін 20 пайызға өсірмек

SCAT әуе компаниясы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының еркін бағамға өтуіне байланысты

  • 24 Тамыз 2015
  • 356
Фото - Caravan.kz

25 тамыздан бастап халықаралық бағыттарға тарифтерді мәжбүрлі түрде 20 пайызға өсіретіні туралы хабарлап отыр, деп жазады әуе компаниясының сайты.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шешім рейстерді қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді өткізу, қызметкерлерді қайта оқыту шығындарының көбі және өзге де шығындардың АҚШ долларымен өтелетін авиациялық саланың ерекшелігіне байланысты қабылданып отыр.  

«Аталған шара компанияның кіріс бөлігін арттыруға бағытталған жоқ, себебі доллардың теңгеге қатысты тұрақсыз бағамымен байланысты барлық шығындарды өтей алмайды. Тарифтерді белгіленген пайызға арттыру тек халықаралық рейстерді қамтамасыз етумен байланысты шығындардың кейбір бөлігін ғана өтеуін қамтамасыз етеді», — делінген хабарламада. 


Соңғы жаңалықтар