8 тамызда Астанадан ұшқан SCAT әуе компаниясының ұшағы шұғыл түрде әуежайға қайтып келуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін таңертең Астанадан ұшқан SCAT әуе компаниясының ұшағы әуеде апатты жағдайға тап болып, елорда әуежайына қайта ұшып келген.
Ұшақ жолаушыларының бірі NewTimes.kz редакциясына оқиға орнынан бейнеролик жіберген. Бейнероликте жолаушылар оттегімен демалу маскасын тағып алған. Ал стюардесса болса борттағылардан өздерін қалай сезінетінін сұрап, тыныштандыруға тырысқан.
Экипаж командирі апатты жағдай аяқ астынан болғанын айтып отыр.