Scat Мәскеудің жаңа әуежайынан алғашқы рейске шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Scat Мәскеудің жаңа әуежайынан алғашқы рейске шығады

Scat Мәскеудің жаңа әуежайынан алғашқы рейске шығады

Дүйсенбі күннің екінші жартысында «Жуковский» әуежайы салтанатты түрде ашылады, деп хабарлады инвестор компания баспасөз қызметінен. Одан алғашқы боп Қазақстан және Қырғызстан автокомпанияларының ұшақтары ұшырылады, деп жазды «Ведомости» газеті.

  • 30 Мамыр 2016
  • 364
Фото - Caravan.kz

«Жуковский» — Мәскеудің төртінші әуежайы. «Рампорт аэро» жылына 4 млн адам өткізу қабілетімен терминалға $27 млн салды.  Жолақты Громов атындағы Ұшу-зерттеу институтының аэродромы ұсынады.

 «Рұқсаттарды алуға уақыт көп кетті, авиациялық қауіпсіздік сәйкестігіне сертификатты Росавиация өткен апта аяғында ғана берді», — деді «Ростех».

Басылым деректерінше, «Рампорт аэро» да, «Ростех» те  әуежайдан алғашқы боп қай авиакомпания ұшатынын хабарламады.

«Рампорт аэро» жиырма шақты авиакомпаниямен келіссөз жүргізген. Чартер тасымалдаушылар мен ТМД елдерінің авиокомпанияларына барынша арзандау қызмет ұсынылған. «Ростехке» жақын адам бірінші болып ТМД авиакомпаниялары ұшатынын айтты.

 «Ашылу рәсіміне біздің делегация қатысады, «Жуковскийден» рейс жоспарлаудамыз, — деді ресейлік SCAT өкілдігінің қызметкері. «Ашылуына қатысамыз, әуежаймен, жерүсті қызметтерімен келісудеміз», — деді Air Kyrgyzstan қызметкері.


Авикомпания сарапшылары, менеджерлері әуежайға көліктің жетуіне қиындықтар барын айтты, оған Аэроэкспресс электричкасы жүрмейді, автомобильмен кептеліс салдарынан жету күрделі. Қыркүйекте РЖД әуежайға жақын Отдых стансасын жаңартады. Оған экспресс келеді. Әуежай сол кезде станса мен терминалды байланыстырады, деді  «Рампорт аэро» бас директорының орынбасары Сергей Рыжов.

 

Соңғы жаңалықтар