Сегіз кандидат жалпы ғарыштық дайындық шеңберінде Байқоңырға келді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сегіз кандидат жалпы ғарыштық дайындық шеңберінде Байқоңырға келді

Сегіз кандидат жалпы ғарыштық дайындық шеңберінде Байқоңырға келді

Ғарышкер болуға сегіз кандидат жалпы ғарыштық дайындық шеңберінде Байқоңырға келді,

  • 31 Қазан 2012
  • 375
Фото - Caravan.kz

деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне ғарыш айлағындағы дереккөз мәлімдеді.

Олар техникалық нысандармен танысумен қатар Халықаралық ғарыш станциясына «Прогресс М-17М» транспорттық жүк кемесінің ұшуын және ресейлік «Луч-5Б» мен «Ямал-300К» спутниктерін орбитаға шығаруға арналған «Протон-М» зымыранының ұшуын бақылайды.
Дайындықтан соң ғарышкерлікке кандидаттар мемлекеттік емтихандар тапсырады және Халықаралық ғарыш станциясына ұшуға дайындық үшін экипаж құрамына кіруге үміткер бола алады.
Олар ғарышқа «Союз» зымырандарымен ұшатын болады.
Роскосмос ғарышкерлер қатарына қосылу конкурсының қорытындысы бойынша сегіз кандидат іріктеп алынған. Олардың қатарына Олег Блинов, Петр Дубров, Игнат Игнатов, Анна Кикина, Сергей Корсаков, Дмитрий Петелин, Андрей Федяев және Николай Чуба кіреді.

Соңғы жаңалықтар