Петропавл қаласында Сегіз сері атындағы «Гауһар тас» І республикалық фестивалі аяқталды. Мерекеге еліміздің түкпір-түкпірінен ұлттық аспаптар ансамбльдері мен оркестрлері мен 400-дей өнерпаз қатысты.
Көрермен қауым халық әндері, күй, классикалық музыка жалпылай алғанда 100-ге тарта өнер туындысымен сусындады. Сонымен қатар, әр ұжым Сегіз серінің әнін шырқады. Фестивальдің соңы гала-концертке ұласып, өнерпаздар жиналған қауымды әсем ән, тәтті күйге бөледі.