«Сэнди» дауылынан зардап шеккен мегаполистер су астында қалып, миллиондаған адам жарықсыз отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Сэнди» дауылынан зардап шеккен мегаполистер су астында қалып, миллиондаған адам жарықсыз отыр

«Сэнди» дауылынан зардап шеккен мегаполистер су астында қалып, миллиондаған адам жарықсыз отыр

Күшіне енген «Сэнди» дауылы АҚШ-тың шығыс жағалауына да жетті. Жолындағының бәрін жайпап келе жатқан дауыл салдарынан ондаған мегаполис су астында қалып, миллиондаған тұрғын жарықсыз отыр. Қазір апат аймағындағы әуе, теңіз, жердегі көлік қозғалысы түгел тұралап тұр. Ал төтенше жағдай қызметкерлерінен өзге мемлекеттік мекемелер жұмысын тоқтатқан.

  • 31 Қазан 2012
  • 471
Фото - Caravan.kz

Қарқыны күшті дауыл ақыры жетті АҚШ-қа. Кеше кешке күшіне енген «Сэнди» шығыс жағалауға жақын орналасқан бірнеше штаттың ойранын шығарды. Құрлыққа таяғанда желдің жылдамдығы сағатына 130 шақырымға дейін көтерілген. Дауыл соңы нөсер жаңбырға ұласты. Салдарынан Нью-Джерсидің көшелері суға толып, көлік қозғалысы қиындаған.

Табиғаттың шәлкез мінезі Нью-Йорк пен Массасучетсты де біраз әбігерге салды. 108 жылдық тарихы бар Нью-Йорк метросының 7 бекеті суға толып қалған. Ал тамырымен опырылған ағаштар мен жол ортасында төңкерілген көліктер құтқарушылардың жедел қимылдауына мүмкіндік берер емес. Қазір Американың 9 шататында төтенше жағдай жарияланды. 7 млн-ға жуық тұрғын электр жарығынсыз отыр.

Нью-Джерси жағалауындағы атом электр станциясы да қауіпті еселетіп отыр. Биіктігі 6-7 метрге дейін көтерілген толқындар станциядағы салқындатқыш құралын істен шығаруы мүмкін. Егер жағдай дәл осылай жалғаса берсе бір ғана атом станциясынан келетін зардаптың өзін айту қорқынышты дейді мамандар.

Бүгінде АҚШ-та төтенше жағдай қызметкерлерінен өзге мемелекеттік мекемелердің барлығы дерлік жұмысын тоқтатқан. Мамандар қазынаға келген шығынды млрд-тап санап отыр. «Сэнди» дауылы екі күнде 70-тен астам адамның өмірін қиды. Ал осы дауыл кесірінен Багам аралында қалып қойған қазақстандық жиһанкездер желдің сәл саябырсығанын айтып отыр. Енді жақын уақытта саяхаттарын әрі қарай жалғастырмақ.


Соңғы жаңалықтар