Сэр Ричард Эванс «Самұрық-Қазына» топ-менеджерлерін сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сэр Ричард Эванс «Самұрық-Қазына» топ-менеджерлерін сынға алды

Сэр Ричард Эванс «Самұрық-Қазына» топ-менеджерлерін сынға алды

Менеджерлер жоғарыдан қоңырау күтпей, бизнеске көбірек маңыз бөлулері керек.

  • 6 Қазан 2014
  • 507
Фото - Caravan.kz

Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан «Самұрық-Қазына» АҚ Трансформация бағдарламасының тұсаукесеріне арналған форум барысында «Самұрық-Қазына» Қоры Директорлар Кеңесінің мүшесі Сэр Ричард Гарри Эванс осылай мәлімдеді.

«Трансформацияны өткізу — біздің Директорлар кеңесінің жауапкершілігінің бірі. Бұның барлығы трансформация үдерісін өзінің бақылауына алғысы келетін бас менеджерлер деңгейінде өтпек. Ал мұны өткізу үшін бұлар ең алдымен өздерін өзгертулері керек, құндылықтар шоғырының жаңа қалыбын көрсетіп, бағдарламаға қатысты жетекшілік моделіне айналулары шарт. Ал олар осындай өзгере ала ма? Жоқ. Менің ойымша, бүгінгі күні жұмыс істеп жатқан дискурста олар өзгере алмайды», — деді Сэр Ричард Эванс.

Оның пайымынша, қазақстандық топ-менеджерлердің рөлі басқа ірі компаниялардың рөлімен мейлінше аз байланысады. Өйткені, сарапшының пікірінше, біздегі топ-менеджерлер өз қызметтерін ішінара атқаратындай болып көрінеді. «Олар көбінесе Үкіметтен, жоғары жақтан қоңырау күтетіндей. Сөйтіп, нақты бизнеспен айналысуға аз уақытын шығындайды. Ал мен үшін бұл — трансформациядағы басты мәселе», — деді ол.

«Құрметті Президент! Менің түсінігімше, трансформация бағдарламасы — бұл Сіздің бағдарламаңыз, осы компанияларға иелік ететін Қазақстандағы халықтың бағдарламасы! Біз сондықтан да, халықтың сауалына жауап беруіміз керек. Ал мынадай ауқымды жоба арқылы біз осы жауап беретін жолдың басында тұрмыз деп санаймын», — деді Сэр Ричард Эванс. Оның сөзіне қарағанда, бұл жайында көп айтылды, енді сөзден іске көшетін уақыт жетті.


Өз кезегінде Елбасы Н. Назарбаев Сэр Эвансқа алғысын айтты. «Біздің адамдарымызбен, мамандарымызбен араласа жүріп, Сізде позитивті жұмыстан бөлек, ішкі сыныңыз да, нашар жұмыстарға деген көңіл толмаушылық та қалыптасыпты. Мен бұны түсінемін», — деді Н. Назарбаев.