Оның айтуынша, «жеуге жарамсыз деп танылған өнімдердің 60 проценттен астамы алыс және жақын шетелдерде өндірілген. Бұлар негізінен таңбаланбаған тауарлар. Олардың біраз бөлігінен ішек және стафилококк таяқшалары шықты».
«Ресей мен Қырғызстаннан елімізге әкелінетін өнімнің сапасы жалпы алғанда жаман емес. Бірақ оны дұрыс тасымалдамау салдарынан жарамсыз болып қалады. Тез бұзылатын өнімдер санатындағы балмұздақ басқа өнімдермен салыстырғанда бөлекше жағдайда сақтау және тасымалдауды қажет етеді»,- деді М.Әпсеметова.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің тамақтану гигиенасы бөлімінің меңгерушісінің айтуынша, тексеру барысында тазалық дәрігерлері жалпы тексерілген 31 өндірістік цехтың үшеуінен ереже бұзу оқиғаларын тіркеді. Мәселен, М.Әпсеметованың айтуынша, «бір цехтан ішек таяқшасы табылса, өзге екеуінде инженерлік желілер мен су құбыры желісінднен ақау шыққан».
Тұтастай алғанда ҚР СЭС мекемесі екі аптаға созылған тексерулер барысында қазақстандық балмұздақ өндірушілерге қатысты цехтарды жабу жөнінде 5 қаулы, кемшіліктерді жою туралы 28 ескерту қабылдап, 78 айыппұл шарасын қолданды.