Жарияланды: 380

Сейсенбі күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде жауын жауады

Сейсенбі күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігіның ауа райын циклон мен сонымен байланысты атмосфералық тұтас ағым айқындайтын болғандықтан кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, екпіндетіп жел тұрады. Республиканың батысы мен солтүстік-батысындағы ауа райын антицклон айқындап, мұнда ауа райы ашық болады деп күтілуде, деп «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Сейсенбі күні Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады, екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді, ауа температурасы +21+23 градус болады. Алматыда көшпелі бұлт шығып, түнде жауын-шашынсыз, күндіз өтпелі жауын жауып, күн күркіреп, оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады, екпіні 11 м/с болады, ауа температурасы +28+30 градус болады. Синоптиктердің мәліметтерінше, солтүстікте Қостанай облысында ғана күн ашық болады, онда кей жерлерінде 15-22 м/с жел соғып, ауа температурасы +16+21 градус болады. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында кей жерлерде 15-22 м/с болып, өтпелі жауын жауып, ауа температурасы сәйкесінше, +12+17, +15+20 және +23+28 градус болады. Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында аздап жауын жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы сәйкесінше +23+28 және +28+33 градус болады. Республиканың оңтүстігінде жауынды болады. Алматы облысында аздап жауын жауып, күн күркіреп, найзағайлатқан кезде кей жерлеріндегі желдің жылдамдығы 15-22 м/с жел тұрады, ауа температурасы +26+31 градус. Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен шаңдатып жел тұрады, күн күркіреп, аздап жаңбыр жауады, ауа температурасы сәйкесінше, +30+35 және +34+39 градус болады. Жамбыл облысында күн күркіреп, жауын жауады, ауа температурасы +32+37 градус. Қазақстанның батысында барлық облыстарда күн ашық болады деп болжануда. Маңғыстау облысында ауа температурасы +32+37 градус, Атырау облысында ауа температурасы +25+30 градус, Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы +21+26 градус, Ақтөбе облысында +17+22 градус. Синоптиктердің хабарлауынша, республиканың оңтүстік облыстарында өрт туындау қаупі жоғары болады. Алдағы тәуліктерде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында өзендердегі судың деңгейі құбылмалы болады. Қазақстанның қалған су айдындарында елеулі өзгерістер болмайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін