Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында Алматы қаласында жер сілкінісі туралы жайлы әр түрлі болжамдар мен мағлұматтар таратылып жүр».
«Сейсмологиялық Институттың мәліметіне сүйенсек Алматы жер түбегіне талдау және бейімдеу тәсілдерін жүргізу үшін сейсмотехникалық және геолого-геофизикалық сейсмоқауіптілік Алматының аудан аймақтарында 2008 жылы МSK-64 сейсмикалық шкала көрсеткіші бойынша 7 және одан да жоғарғы баллдық жер сілкінісі болмайды».
«Осыған байланысты, БАҚ басшыларына осындай жалған ақпарат бергені үшін, сонымен қатар олардың асығыс берген бағасы қала аймақтарын және тұрғындарын төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі өкілеттік органдардың қызметтеріне нұқсан келтіруі мүмкін екенін жеткіземіз»,- делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы қаласы және Алматы облысының аймақтарында жер сілкінісі болуы мүмкіндігі жайлы ресми ақпарат көзі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жанындағы сейсмикалық қауіптілік және жер сілкінісін болжау жөніндегі республикалық кеңес сарапшылары болып табылады.
Сонымен бірге, баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сейсмология Институтының қысқа мерзімді (апталық болжау) ақпараттары мына веб-сайт беттерінде жарияланатын болады: www.seismology.kz.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті