Секен Тұрысбеков туған жерін аралап, концерт қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Секен Тұрысбеков туған жерін аралап, концерт қойды

Секен Тұрысбеков туған жерін аралап, концерт қойды

Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты, дәулескер күйші-композитор Секен Тұрысбеков «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрімен бірігіп өзінің туған жері Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аудандарын, соның ішінде Үржар ауданын да аралап, концерт қойып қайтты. Бұл туралы Altaynews. kz хабарлайды.

  • 19 Маусым 2013
  • 665
Фото - Caravan.kz


Сайттың жазуынша, оркестр Секеннің «Балауса», «Дарабоз», «Ақ жауын», «Ақжарма», «Көкбөрінің жортуы» т.б. күйлерін орындап, «Аққу сазы», «Ерке құсым», «Көктемім менің», «Қоңыр қаз», «Шағала» т.б. әндерін орындады. Әр концерттік нөмірді орындау алдында композитордың өзі шығарма жайлы шағын анықтама беріп отырды. Бұдан өзге шетелдің, қазақтың композиторларының туындылары да шалқыды.
Композитордың өзі залдағы көрермендердің сұрауымен әйгілі «Көңіл толқыны» күйін күмбірлетті. Концерт соңынан Үржар ауданының әкімі Бауыржан Жанақов мәртебелі мейманға жерлестері атынан алғыс білдіріп, шапан жауып, сый-сияпат жасады.

Перейти к новостям спорта