Бұл туралы «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Тәңсәрі журналистерге берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Бұл балалардың ата-аналары жауыпсыз болып отыр. Аналардың бірін сыбайлас деп ойлаймыз. Оның банк картасына ақша түсіп отырған. Балаңның атынан картаңа миллиондаған ақша түссе ойлану керек қой. Картасына 10 миллионнан астам ақша түскен. Егер қызың саған миллиондаған ақша жіберіп отырса ол ақшанын қайдан келгенін сұрауың керек. Егер сен ондай сұрақ қоймасаң, онда сен сыбайлассың. Сондықтан анасын жауапкершілікке тарту керек. Қазір бәрінің аузын жабуға тырысуда. Өйткені, қыздың бірінші клиенті, оның пәктігін алған ол — ҰҚК қызметкері», — деді Дина Тәңсәрі.
«НеМолчи» қорының жетекшісі сондай-ақ Instagram-дағы парақшасында сексуалды құлдықта болған қыздың анасының айтқан сөзін жариялады.
«Мен сексуалды құлдықта 8 ай болған қыздың анасымын. Қызымды құлдықта ұстаған сыныптасы. 10 сыныптан бері бізге жиі келетін, қонуға келетін. Қызымның сыныптасы, сыныптасының туысқан әпкесі мен туысқан ағасы оны төртеуі ұстап отырған. Оны жезөкшелікпен айналысуына итермелеген. Оның телефонын тартып алып, Kizdar.net сайтына тіркеген. Олар қызымды «ішіп алған видеосы бар» деп қоқан-лоққы көрсетіп отырған. Қызымды мас қылып, суға түскесін киімін шешкен. Сонымен қорқытқан. 4 ақпаннан бастап Kizdar.net сайтынан қоңыраулар түсе бастаған. Басында ол тек түнде шығатын, кейін кешкісін, сосын күндіз шығатын болды. Үзіліссіз екі күн бойы жұмыс жасауға итермелеген. Ол сайттың аты — Kizdar.net. Егер оларға уақытында ақша жібермесе, 5 минутқа кешіктірсе ұрып соққан. Наурыз айында мектептен бірнеше рет көмек сұрадым. Бірақ мектепте «қыз жай ғана үйде қонбайды ғой. Мектепті бітіргесін басқа қалаға алып кетерсіз», — деп жауап берді. Сосын мені мектепте күнде қорқытатын. «Егер арыз жазсаңыз оның мінездемесі өзгеріп, ата-ана құқығынан айырады. Ол арнайы интернатқа беріледі» деді. Ол мектепке бармай қойған. Ал қазір қыз мектепте болған сияқты етіп, барлық оқушыдан қолхат алуда. Полиция арызданған кезде де мені арнайы интернатпен қорқытты. Полиция департаментінен бірнеше рет көмек сұрадым, бірақ маған арыз беруге жол бермеді.
Сондай-ақ жәбірленуші қыздың анасы деген аудио хабарламада күдіктілердің алғаш ұсталған кезде айтқан сөздерінен енді тайқып шыққаны жайлы айтылған.
Қызымды қорқытты, қинады, ұрып соқты. Қызым 6 тамызда үйге келді. Ол бәрін айтып берді. Ол өте лас, үстінің бәрі ісіп кеткен болып келді. Оны ұстағанның бәріне арызданамын. Мыңнан астам адам. Оны қонақ үйге, моншаға шақырған адамдар болған. Кеше мені полиция департаментінің басшысы шақырып «БАҚ-тан неге көмек сұрайсыз?» деді. «БАҚ-қа ешқандай сұхбат бермеңіз, бәрін өзіміз шешім» деді. Ол сол сәтте тергеушіге менің үстімнен қылмыстық іс қозғау туралы бұйрық берді. Балаларды үй қамаққа алды. Оларды бірінші ұстаған кезде күдіктілер бәрін мойындаған. Үйлеріне босатқаннан кейін олар өз сөздерінен бас тартып отыр», — деді қыздың анасы.