Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы маманның ТикТок желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазір бұрынғыдай емес қазақ халқы жыныстық қарым-қатынас туралы ашық айта беретін болды. Ғаламторда қазақ тілді сексолог мамандар көбейген. Кеңестерін еш астарсыз, төтесінен беріп жүр. Осыған аудитория да үйреніп кеткен сыңайлы. Салта Сапардың мұндай видеоларын тұрақты қарайтын ТикТок желісінде 112 мыңнан аса, инстаграм желісінде 11 мыңнан аса оқырманы бар.
"Егер сіздің партнерыңыздың инфекциялық ауруы болмаса, тұрақты өзіңіздің күйеуіңіз болса, онда сізге зиян емес. Тіпті, пайдалы", — дейді сексолог.
Жыныстық қарым-қатынасқа қатысты ашық сөз етіп, жариялаған жазбасы бұл ғана емес. "Секс интрига", "Қалай тез бітіріп қоймау керек?", "Мен Асексуалмын", "Күйеуім часто қанбайды" секілді тақырыптары жетерлік.
Дегенімен, сексологты сынға алып жатқандар да бар. "Ұялмай қалай айтып отыр?" "Неге бізде заң жоқ осындайлардың каналын жауып, айыппұл салатын?" деп жазуда желі қолданушылары. Ең сорақысы оқырмандарының қатарында кәмелет жасқа толмаған, оқушылар да бар екен.