"Секстен дауыстары қатты шығады..." Жүйкесі сыр берген көршісі қанды қырғын жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Секстен дауыстары қатты шығады..."  Жүйкесі сыр берген көршісі қанды қырғын жасады

"Секстен дауыстары қатты шығады..." Жүйкесі сыр берген көршісі қанды қырғын жасады

Қабырғаның ар жағындағы ыңырсыған, арсын-гүрсін қимылдың дауыстарына шыдамаған еркек көршінің есігін балтамен бұзып кіріп, қос ғашықты өзінше жазалаған.

  • 5 Мамыр 2018
  • 6948
Фото - Caravan.kz

Бұл оқыс оқиға Украинаның Днепр қаласындағы жатақханалардың бірінде болған деп хабарлады 5-tv.ru.

Сөйтсе бұл бірінші рет емес екен, махаббаттың отына балқып, ләззатынан тоят таппаған жастар бір ай бойына осылай көршісінің түн ұйқысын бұзып, мазасын қашырған.

Ақыры жүйкесі сыр берген Даниил есімді жігіт көршісінің есігін теуіп, бөлмеге баса көктеп кірген. Ал мачо Виктор тарсылдаған дауысты естіп, киінбестен пышақ пен балғаға жүгірген. Сөйтіп қанды қырғын төбелес болады.

Көршілер полиция шақырады.

«Біз қатты шулаған шығармыз. Оны мойындаймын. Бірақ оның менің есігімді бұзып кіруге қақы жоқ. Есігімді сындыра бастаған соң қорғану мақсатында көршіммен төбелесіп қалдым», — дейді Виктор.

«Артық кеттім. Ол рас. Бірақ олар маған пышақпен және балғамен тап берді. Арқамнан сап қап, қабырғамды жарақаттады», — дейді Даниил.


Салдарынан жабық бас-ми жарақатын алған Виктор емханаға жеткізілген. Ал Даниил полиция бөлімшесіне әкетілді.

 

Соңғы жаңалықтар