Селден зардап шеккен алматылықтар аулаларын өз күшімен тазартуда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Селден зардап шеккен алматылықтар аулаларын өз күшімен тазартуда

Селден зардап шеккен алматылықтар аулаларын өз күшімен тазартуда

Алматыда селден кейінгі сергелдең әлі де таусылар емес. 2 аптадан бері тұрғындар аулаларын тазалаумен әлек. Көшелер мен мемлекеттік мекемелерде де қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған дейін су шайған екі ірі көпір мен көлемі 350 текше метр балшық тазартылған. Табиғат апатының салдарынан мекемелер қыруар шығынға батты. Мектептерде жиһаздар мен техникалар түгелдей жарамсыз болып қалған. Қазір сел жүрген аймақтарда еліміздің әр өңірінен келген әскери қызметкерлер мен еріктілер жұмыстарын жалғастыруда.

  • 6 Тамыз 2015
  • 357
Фото - Caravan.kz

Дина Баймаханова – селден ең көп зардап шеккен Наурызбай ауданының тұрғыны. Табиғат апатынан ауладағы екі сарайы мен бау-бақшасының түгі қалмаған. Енді су шайған үйі де құлау алдында тұр.

— Мынау селден кейін болған нелер… Аяғымызбен кішкене жүріп, салмақ түскеннің өзінде ана жарықтары ашыла бастайды.

Ал әкімдік уәде еткен 200 мың теңге көлеміндегі өтемақыны тұрғындар әлі алмаған. Соны күтіп шаршаған олар енді аулаларын өздері тазалауға кірісіпті. Онсыз да қыруар шығынға батқанымызбен қоймай өз қалтамыздан қаржы шығарып, арнайы техника жалдадық дейді жұрт.

Ғалия Жукова, Алматы қаласының тұрғыны:

— Мына жерді тазалау үшін тракторды өзім жалдадым. Техниканы таныс арқылы тапқан соң, арзанға шықты. Әйтпесе, оның бағасын қалтам көтермес еді.

Дегенмен, әкімдік те құр қол отырған жоқ. Сел жүрген жерлерде 2 аптадан бері қалпына келтіру жұмыстарын толассыз жүргізіп жатыр. Осы уақытқа дейін Наурызбай ауданының өзінде 234 үй мен 99 жер телімін тазарттық дейді қызметкерлер. Қала бойынша екі көпір қалпына келтірілген. Бүгінге дейін жалпы көлемі 350 текше метр балшық тазартылыпты.

Ал мыңнан аса оқушысы бар №192 мектептің қазіргі көрінісі бұл. Тосыннан келген табиғат апаты кезінде білім ордасының төменгі қабаттарын түгелдей су шайған. Тіпті, мұндағы жиһаздар мен компьютерлік техника түгелдей жарамсыз болып қалыпты. Ал, білім ордасының кітап қоры түгелдей бос қалған.


Қазір мектепте 50-ден аса әскери қызметкер жұмыс істеуде. Екі апта өтсе де, жарамсыз қалған заттарды тазарту әлі де мүмкін болмай отыр. Қызметкерлер бұл үшін арнайы Қарағандыдан келген. Бұдан өзге тағы 100-ге тарта қызметкер жұмылдырылған. Тіпті, қағазбасты ұстаздар да, жұмысын қойып, мектепті тазалауға кірісіпті.

Бақыт Әпірова, мұғалім:

—  Демалыста жүрген мұғалімдердің бәрін шақырып алып, қазір әскери қызметкерлермен, еріктілермен бірге бәріміз қолымызға күрек, шүберек алып, мектепті бірінші қыркүйекке дайындау үшін жұмыс жасап жатырмыз. Таңның атысынан, кеш батқанша…

Мұнда 800-ден астам ерікті де жұмыс істеуде. Олар апат аймағындағыларды ас-сумен қамтамасыз етіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар