Селден зардап шеккен алматылықтар биліктен әлі көмек күтіп жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Селден зардап шеккен алматылықтар биліктен әлі көмек күтіп жүр

Селден зардап шеккен алматылықтар биліктен әлі көмек күтіп жүр

Алматылықтар сел зардаптарымен әлі алысып жатыр. Сөйтіп, осы апат болғаннан кейінгі 4 күннен соң, яғни өткен айдың 27-сіне 20 күнде бәрін ретке келтіреміз деген қала атқамінерлерінің уәдесі орындалған жоқ. Лай ағынынан қатты зардап шеккен Наурызбай ауданында ауыр жүк көліктері жиналып қалған балшықты тазалап үлгермей жатыр. Ал өзен аңғарын жағалай орналасқан тұрғындар әлі де өз қамдарын өздері күйттеп жүр.

  • 18 Тамыз 2015
  • 364
Фото - Caravan.kz

Бұл – қала әкімінің орынбасары Юрий Ильиннің осыдан нақ 20 күн бұрын айтқан сөзі. Ал жалпы лай көшкіні өткен айдың 22-сінен 23-іне қараған түні болғанын ескерсек, арада айға жуық уақыт өтіпті. Бірақ халық жергілікті биліктен әлі де көмек күтіп жүр.

Дина Баймаханова, Алматы қаласының тұрғыны:

— Не ваннада, не канализация – бәрі істемейді. Білмеймін, қандай көмек көрсететіндерін. Бір көмек берсін деп неғылып отырмын. Әкімге бардым, әкімге барғанда маған айтқаны, рахмет айт, тәубе деп айт. Төбеңде төбең қалып, өзіңнің аман қалғаныңа деп шығарып салды.

Дина апай қазір өз ауласын шамасының жеткенінше өзі тазалап жүр. Әйтеуір, ауласына толып кеткен лайды арнайы қызметтердің шығарып бергеніне риза. Сонда да жағдай мәз емес. Үйінің бір бұрышы опырылып құлайын деп тұр. Аулада болған сарайдың орны қазір тып-типыл. Моншасы да жуынуға жарамай қалған.

Ал мына бір мектеп ауласында қара жұмыс қызып жатыр. Ауыр жүк көліктері сәт сайын тонна-тонна балшық арқалап, сыртқа қарай ағылуда. Қарапайым жұмысшылардан бөлек, мұнда күштік құрылымдар да жұмылдырылған. Бәрі жабылып, 25 күннен бері бір мектептің айналасын тазартып үлгере алар емес.


Ал талай жұртты әбігерге салған Қарғалы өзені қазір сабасына түскен қалпы ағып жатыр. Дегенмен, оны жағалай орналасқан жұрттың да жағдайы оңалып қалғаны шамалы. Мұнда да жергілікті тұрғындар өз беттерінше тіршілік қамын күйттеуге көшкен. Ал шенеуніктер табиғат апатынан құтылудың жаңа бір жолын тауыпты. Енді Алматы облысының сел қаупі бар аймақтарында әр айда бір рет ескерту дабылы қосылып отыратын болады. 

Соңғы жаңалықтар