Селден жапа шеккен аудандарға суық су беріле бастады - Алматы - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Селден жапа шеккен аудандарға суық су беріле бастады - Алматы

Селден жапа шеккен аудандарға суық су беріле бастады - Алматы

Алматыда селден жапа шеккен аудандарға 5 тамыздан бастап суық су беріле бастады.

  • 5 Тамыз 2015
  • 362
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы «Холдинг Алматы Су» МКК баспасөз хатшысы Серік Шағыров айтты. Қазір су жинау құрылғылары қайта қалпына келтіріліп, онда суды зарарсыздандырудың барлық кешенді жұмыстары жасалып жатыр. 

Серік Шағыровтың айтуынша, судың ішуге жарамдылығы әлі де төмен. Ол әлі де тұна қоймаған өзен бастауының ауыз судың нормасына жетпегенін айтты. 
Қарағайлы, Құрамыс және Таусамалы елді мекендерінің тұрғындарына құбырмен келетін суық суды тек тұрмыстық мақсатта пайдалануға кеңес берілді. Өзен бастауының суы тұнғанша ауыз су тұрғындарға автоцистерналармен жеткізілетін болады. Осы мақсатты қаланың коммуналдық кәсіпорындарының 19 су тасығыш көліктері жұмылдырылған. 
Алдында хабарлағандай, Қарғалы өзенінің бойындағы су жинау құрылғылары селден қирап, Наурызбай ауданының бірқатар ауылдарына су беру тоқтатылған болатын. 
Алматы қалалық су-кәріз жүйесі кешені кәсіпорындарының көмегімен 5 күн ішінде ауданның сумен қамту жүйесі толығымен қалпына келтірілді. Оған 200 қызметкер, 30 техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар