21 желтоқсан күні Семей қаласында үлкен қоғамдық резонанс тудырған оқиға орын алып, жаңа жылдық шыршаны безендіруге мұғалімдер тартылып, олардың бірі жарақат алды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Абай облысының білім басқармасы бұл жағдайға түсінік берді.
Сенбі күні, сағат 15.00-де жаңа жылдық шыршаны безендіруге мұғалімдерді тарту фактісі бойынша жедел жиналыс өтті. Облыс әкімі аталған оқиға бойынша қызметтік тергеу жүргізуді тапсырды, ал денсаулық сақтау басқармасына зардап шеккен адамның жағдайын тәулік бойы бақылауға алуды міндеттеді.
Тергеу қорытындысы бойынша, шыршаны безендіруге қатысқан үш мектептің (№49, 40 және 19) директорларына қатаң сөгіс жарияланды. Семей қалалық білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды, ал осы процесті үйлестірген қала әкімінің орынбасарына да қатаң сөгіс берілді.
«Бұл әрекеттер заңды елемеу мен педагогтардың құқықтарын толығымен ескермегендіктің айқын көрінісі болды. Бұл мәселе облыс әкімінің және Оқу-ағарту министрінің ерекше бақылауында тұр», – деп түсіндірді Абай облысының білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев.
Айта кетейік, «Педагог мәртебесі туралы» Заңның 6-бабына сәйкес, мұғалімдерді кәсіби міндеттеріне жатпайтын жұмыстарға тартуға қатаң тыйым салынады.