Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға орнына табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері барып, жануардың сібір елігі екенін анықтады. Еліктің артқы тұяғында жарақаттан қалған із, мойнында қарғыбау болған.
Инспекторлар елікті күтіп-бағу және бақылау мақсатында Семей қаласының биологиялық орталығына тапсырды.
Полиция жабайы жануарларды заңсыз ұстау заңнамаға қайшы екенін ескертеді.
Жарақат алған немесе әлсіреген жабайы жануарды байқаған жағдайда дереу полицияға немесе уәкілетті органдарға хабарласыңыз.