Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция мәліметінше, баланы Затон полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Бекен Асыл мен Жұмағалиев Дархан тапқан. «Олардың табандылығы мен кәсібилігінің арқасында іздеу операциясы сәтті аяқталды», – делінген хабарламада.
«Жоғалған бала үйінен шамамен 10 шақырым қашықтағы орманнан табылды. Оны Затон полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары тапты.Қиын жағдайға қарамастан, полиция қызметкерлері іздеуді бір сәтке де тоқтатпады», – деді өңірлік полиция департаменті.