Семей аймағында әскерге шақырылғандардың 40% борышын өтеуге жарамсыз деп танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей аймағында әскерге шақырылғандардың 40%  борышын өтеуге жарамсыз деп танылды

Семей аймағында әскерге шақырылғандардың 40% борышын өтеуге жарамсыз деп танылды

СЕМЕЙ . 1 қараша. Kazakhstan Today. Семей аймағында медициналық комиссия әскерге шақырылғандардың 40% борышын өтеуге жарамсыз деп таныды . Бұл жөнінде Семей қалалық әскери комитеттің медициналық комиссия төрайымы Мұқмина Ысқақова хабарлады.

  • 1 Қараша 2006
  • 375
Фото - Caravan.kz

«Әскерге шақыру жөніндегі медициналық комиссия өзінің жұмысын 1 қазанда бастады. Бір ай ішіндегі жұмыс нәтижесіне қарап мен жағдайымыз көңіл көншітерлік емес деген тұжырым жасай аламын»,-деді М.Ысқақова.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда әскер қатарына шақырылушылардың 80 % денсаулығы мәз емес, тіпті 40% әскер қатарына жарамсыз.

«Әскерге шақырылатын жастағы жігіттердің денсаулығы жыл сайын төмендеп барады. Олардың арасында май табан, бас-сүйегінің зақымдану салдары, жүрек- қан тамырлары, сколиоз және көз жанары проблемалары басым»,-дейді М.Ысқақова. «Бір ғана қуанатын жағдай — жігіттердің салмақтары қалпына келе бастады»,-деп атап өтті ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта