Семей әкімі аппаратында жаңа тағайындаулар жасалды
Семей. 28 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Семей әкімі аппаратында жаңа тағайындаулар жасалды. Бұл туралы бүгін өткен кеңес барысында Семей қаласының әкімі Мейрамхат Айнабеков мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
Қала әкімінің бұйрығымен әкімнің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар транспорты және автокөлік жолдары мәселелері жөніндегі орынбасары болып Төлеген Данияров тағайындалды. Александр Ершов осы қызметтен босатылды.
Семей әкімінің аппараты ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмыстары бөлімінің бастығы болып Найля Төлеутаева тағайындалды.
Семей әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы болып Сержан Азбергенов тағайындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін