Аяулым — Шыңғаевтар отбасының тұңғыш сәбиі. Нәрестеге қошемет көрсету шарасы Абай атындағы театрда болды. Қалалық әкімшілік қыздың ата-анасына пәтер кілтін сыйлады.
Семей қаласының әкімі Нұрлан Омаровтың айтуынша, қала үшін 300 мыңыншы тұрғынынңдүниеге келуі үлкен оқиға. Өйткені, өз тарихында Семей қаласы ешқашан 300 мыңдық межеден асып көрген емес.
В.Караваевтың айтуынша, қазір Семей тұрғындарының саны 300 мың 500 адамды құрап отыр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылдың мамыр айында елімізде 15 миллионыншы тұрғын тіркелді. Осындай санатқа ие болған қыз да Шығыс Қазақстан облысында туған.