Семей, Арқалық пен Кентауда құбыр жөндеу жұмыстары кешіктіріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей, Арқалық пен Кентауда құбыр жөндеу жұмыстары кешіктіріліп жатыр

Семей, Арқалық пен Кентауда құбыр жөндеу жұмыстары кешіктіріліп жатыр

Еліміздің бірнеше қаласы алдағы қыста жылусыз қалуы мүмкін. Энергетика министрлігі жұртты жарық пен жылудан қаққан шаһарларды атады. «Қара тізімге» енген қалалардың әкімдері  бұған дейін де халықты қақаған аязда дірдектетіп қойған болатын.

  • 19 Қыркүйек 2015
  • 507
Фото - Caravan.kz

Семей, Кентау, Арқалық. Бұл үш қаланың тағы күллі елге аты шыққалы отыр.  Жергілікті әкім-қаралар ала жаздай түк бітірмей, жылу маусымына тағы толық дайын болмай шықты. Мұнда отын тапшы. Ал, тұтынушылардан түскен ақша көмірге кететін шығынды ақтамайды екен. Сондықтан жыры бітпейтін Семей, Кентау мен Арқалықты жылумен толық қамту үшін Үкімет қосымша қаржы бөлу керек. Өзге өңірлердегі әбден тозығы жеткен ескі құбырларды да жөндеу әлі аяқталмапты. Және аймақтағы шенеуніктер былтырғы қыстан қалған 20 миллиардтан астам қарызды да жұрттан жинай алмай отыр. Борышкерлердің басым бөлігі кәсіпорындар мен ірі мекемелер. Ал, биыл электр энергиясы мен жылудың құны қымбаттамауы тиіс. Энергетика министрлігіндегілер доллар қанша көтерілсе де баға өзгермейді деп уәде берді. Өйткені, өндіріс орындарымен келісім теңге еркін айналымға түскенге дейін жасалған.

Сұңғат Есімханов, Энергетика министрлігінің комитет төрағасы:

— Девальвация деп айтып жатырмыз, ол мынау қазіргі кезде көмірмен, отынмен қамтамасыз ету мәселесіне аса әсер еткен жоқ. Екіншіден, оның бағалары жылдың аяғына дейін өспейді деген болжам бар. 

Соңғы жаңалықтар