Оның айтуынша, қазір кәсіпорынның ұшақ қорында Семей-Алматы бағытында ұшатын төрт «Як-40» ұшағы мен Астанаға ұшатын «Фокер-50» және «Ан-24» ұшақтары бар.
Н.Жұмағалиевтің айтуынша, Як-40 ұшақтары 25 жылдан астам тұтынылып келеді. «Қала облыстық мәртебеден айрылғаннан кейін ұшақтар сирек ұша бастады, ал олардың жағдайды тіптен сын көтермейді»,- деді ол.
Елордасына қатынайтын екі ұшақтың жағдайы ғана тәуір. «Әлеуметтік маңызды бұл рейстерге республикалық бюджеттен субсидия бөлінеді, сол себепті де бұл ұшақтардың жағдайы жақсы. Ал қалған ұшақтарды жаңалау қажет»,- деді Н.Жұмағалиев.
Оның айтуынша, Семей әуежайы өзін-өзі қаржыландырады. Қаржы ұшақ билеттерін сату және арнаулы чартерлік рейстер есебінен түседі. Ал жолаушылар саны соңғы әзірде азая бастаған. Сол себепті кәсіпорынның дәл қазіргі жағдаймен ұшақ қорын жаңалауға қауқары жетпейді, деді Н.Жұмағалиев.