Кеден қызметіндегі басымдық берілген жұмыс бағыттарының бірі — кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмысты істерге қарсы күрес
жүргізу болмақ. Өткен жыл қорытындысына қарағанда, анықталған әкімшілік құқық бұзушылық көріністерінің саны өскені байқалады. Құрамында 9 бөлім, 7 қызмет және 5 шекаралық кеден бекеті бар «Семей» кедені кеден заңдылығын сақтамағандарға жалпы алғанда 7 млн. 673 мың 081 теңгенің айыппұлын салды. Сонымен бірге 1 млн. 861 мың 680 теңгенің тауарлары мен көлік құралдары тәркіленген.
Кедендік тексеру барысында 407 кило 726,99 грамм есірткі заттары тәркіленді. Бұл 2002- жылғымен салыстырғанда 28 кило 384,26 граммға көп.
Өткен жылы есірткі заттарының контрабандасына қатысты 17 оқиға тіркелді.