Жарияланды: 540

"Семей" кедені 2003-жылы республикалық бюджетке 2 млрд. теңгеден астам қаржы аударды

2003-жылдың қорытындысы бойынша "Семей" кедені республикалық бюджетке кедендік төлемдер мен салықтар арқылы 2 млрд. 105 млн.992 мың теңге аударды. Бұл белгіленген меженің 115 процентке орындалғанын көрсетеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Семей" кеденінің аға инспекторы Сәуле Ысқақова хабарлады.

Кеден қызметіндегі басымдық берілген жұмыс бағыттарының бірі - кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмысты істерге қарсы күрес жүргізу болмақ. Өткен жыл қорытындысына қарағанда, анықталған әкімшілік құқық бұзушылық көріністерінің саны өскені байқалады. Құрамында 9 бөлім, 7 қызмет және 5 шекаралық кеден бекеті бар "Семей" кедені кеден заңдылығын сақтамағандарға жалпы алғанда 7 млн. 673 мың 081 теңгенің айыппұлын салды. Сонымен бірге 1 млн. 861 мың 680 теңгенің тауарлары мен көлік құралдары тәркіленген. Кедендік тексеру барысында 407 кило 726,99 грамм есірткі заттары тәркіленді. Бұл 2002- жылғымен салыстырғанда 28 кило 384,26 граммға көп. Өткен жылы есірткі заттарының контрабандасына қатысты 17 оқиға тіркелді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін