істер жөніндегі бөлім бастығы Мұрат Молтусынов хабарлады. Қазақстаннан Ресейге бағыт алған ГАЗ-3110 маркалы автокөлікті иісшіл
иттің көмегімен тексеру барысында 18 сары қорап табылған. Олардың ішінен қоңыр түсті тұтқыр және ақшыл -сары түсті түйіршіктер
анықталды. Сараптама қорытындысы аталған есірткі заттарының 15 кило 135 грамм апиын жане 3 килоға жуық героин екенін көрсетті. Осы
фактілер бойынша ҚР Қылмыстык істер Кодексінің 250 бабының 1-ші бөлімі және 259 бабының 4-бөлімі бойынша қылмыстық істер қозғалды. «Семей»
кеден бекеті қызметкерлері жыл басынан бері есірткі тасымалына қатысты 21 факт тіркеп отыр.