"Семей" кеденінің қызметкерлері Қазақстан-Ресей шекарасы арқылы 20 кило героин алып өтуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Семей" кеденінің қызметкерлері Қазақстан-Ресей шекарасы арқылы 20 кило героин алып өтуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды

"Семей" кеденінің қызметкерлері Қазақстан-Ресей шекарасы арқылы 20 кило героин алып өтуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды

"Семей" кеденінің қызметкерлері "Ауыл" кеден бекетінде Қазақстан-Ресей шекарасы арқылы 20 кило героин алып өтуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Семей" кедені "Ауыл" кедендік бекетінің бастығы Бекзат Құрметов хабарлады.

  • 27 Қаңтар 2005
  • 495
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, есірткі иісшіл иттің көмегімен табылған. «Москвич-2141» автокөлігінің жанармай құятын құтысынан 4,5 кило героин салынған жасырын қапшық табылды. Сондай-ақ, осы көліктің астынан 15,5 кило героин шықты.

Кеденшілер 30 жастағы Ресей азаматын ұстады. Шешенстан соғысына қатысқан бұл жігіт бастапқыда тергеу барысында героинді Семейде сатып алдым, ал оны Ресейдің Рубцовск қаласына жеткізгенім үшін 10 мың ресей рублін беруге уәде етті деген. Соңынан ол айтқандарынан жалтарып, әлдебіреулер өзінен тек көлікті шекарадан өткізіп беруді өтінгенін, оның ішінде не бар екенінен бейхабармын деп безектеді.
Б.Құрметовтың айтуынша, тәркіленген героин «қара базарда» 1 млн.200 мың доллар тұрады. Оның айтуынша, бұл — «Ауыл» кеден бекеті жұмыс істей бастаған 12 жылдан бері ұсталған ең алғашқы ірі көлемдегі есірткі. Тұтастай алғанда 2005-жыл басынан бері бұл есірткі алып өтуге жасалған алтыншы талпыныс. Бұған дейін көбінесе марихуана және гашиш сынды есірткілер ұсталып келген.

Перейти к новостям спорта