Семей: кемтар балалардың туындылары кәсіби фотографтарды таң қалдырды! - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей: кемтар  балалардың туындылары  кәсіби фотографтарды таң қалдырды!

Семей: кемтар балалардың туындылары кәсіби фотографтарды таң қалдырды!

Семейде психоневрологиялық аурумен туған балаларға арналған  фотоүйірме ашылды.  Қатысатын бүлдіршіндердің аяқ алыстары жаман емес.   Мамандардың пікірінше, кемтар балалардың қолынан шыққан туындылар кәсіби фотографтардың суреттерінен кем түспейді. 

  • 9 Шiлде 2011
  • 584
Фото - Caravan.kz

Бүлдіршіндер Семейдегі биологиялық орталықта ашылған фотоүйірмеде тәлім алушылар. Психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға арналып ашылған үйірме мемлекеттен қаржыландырылады. Сабақ аптасына бір рет өтеді. Бүгін жас фотографтар жан-жануарларды суретке  түсіруді үйренбек.  

Даун дертімен туған Виталий қалалық, облыстық деңгейде өткен фотокөрмелердің жеңімпазы. Арманы – фототілші болу. Үйірме мүшелерінің әрқайсысында өздері түсірген фотоальбомдары бар. Кейбіреуінің жұмыстары газет-журналдарда да жарық көріпті. 

Мария Ефанова:

— Ұстаздарым жиі мақтайды. Бірақ,әлі көп нәрсеүйренуім керек.

Балалардың суреттеріне сын айтуға келген кәсіби фотографтар олардың жұмыстарын көріп, тіпті мақтауға сөз таппады. Тек маманның  жіті көзі ғана байқайтын міндерді түзеуге кеңес берді.


Серік Уәлиханов, кәсіби фотограф:

Әрине, техникалық қателіктер бар, ол орынды, өйткенітәжірибелері  аз. Бірақ, бұл балалар әсемдікті ерекше сезе білетіндіктен, кәсіби фотограф байқамайбермейтін сәттерді  түсіре алады.

Үйірмеде әзірге 20 шақты  ғана бала бар. Осының арқасында бүлдіршіндер болашақта фотограф мамандығын меңгеріп, қоғамда өз орнын таппақ.  

Соңғы жаңалықтар