Семей: Күшті дауылдан ағаштар құлап, бірнеше көлікті басып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей: Күшті дауылдан ағаштар құлап, бірнеше көлікті басып қалды

Семей: Күшті дауылдан ағаштар құлап, бірнеше көлікті басып қалды

Семейде жаңбырлы дауыл тұрғындарды есеңгіретіп тастады. Түс қайта көтерілген күшті желден теректер құлап, аулада және жол үстінде кетіп бара жатқан көліктерді басып қалған. Ал, ағаштың астында қалып қойған жеңіл машинаның бірі өздігінен жүріп кетіп, жұрттың есін шығарды.

  • 27 Тамыз 2015
  • 433
Фото - Caravan.kz

Желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетті. Әзірге дүлей дауылдан 2 тұрғын үйдің темір жабындары жұлынып, 2 автокөлікке зақым келгені мәлім. Табиғаттың тосын мінезіне электр бағаналары да шыдас бермей, бірнеше үй жарықсыз қалды. Қазір апаттан келген шығын көлемі нақтылануда.

Қымбат Көпбаев, Семей қалалық ТЖМ азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері:

Қазіргі уақытта кейбір тұрғын үйлер жарықсыз отыр. Зардап шекендер қазір анықталу үстінде. 

Соңғы жаңалықтар