Семей мен Астана арасындағы әуе қатынасы қайта жаңғыртылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей мен Астана арасындағы әуе қатынасы қайта жаңғыртылды

Семей мен Астана арасындағы әуе қатынасы қайта жаңғыртылды

Бүгін, 12-шілдеде Семейде Астана-Семей-Алматы бағытындағы жаңа әуе рейсі ашылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "СемейАвиа" АҚ-ның президенті Нұртілеу Есенқожаев хабарлады.

  • 12 Шiлде 2004
  • 700
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бұл рейс «Эйр Қазақстан» әуе компаниясының банкроттыққа ұшырауына байланысты жабылған болатын. Бағыттың жабылуы тұрғындар үшін біршама қиындықтар туғызды. Семейден Астана дейін ұшақпен 2 сағат қана ұшу керек болса, Елордасына жету үшін 10-12 сағат автобуспен немесе 18 сағат бойы темір жолмен қатынауға тура келген.

Н.Есенқожаевтың хабарлауынша, ҚР көлік және коммуникация министрлігінің араласуымен ғана рейсті қайтадан іске қосу мәселесін шешуге мүмкіндік туды. 4-шілдеде көлік министрі Семейде болып қайтқан. 6-шілдеде алғашқы техникалық рейс жолға шықты. Ал Астана-Семей-Алматы бағыты бойынша жолаушы тасымалы бүгіннен басталды, деп хабарлайды Н.Есенқожаев.
Қазір бұл рейсті «Фоккер-50» ұшағымен «Эйр Астана» әуе компаниясы жүзеге асыруда. 50 адамға есептелген ұшақ аптасына екі рет ұшады.

Перейти к новостям спорта