Семей мен Өскемен мектептерінде бүгін сабақ тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей мен Өскемен мектептерінде бүгін сабақ тоқтатылды

Семей мен Өскемен мектептерінде бүгін сабақ тоқтатылды

Көктемнің аяқталар шағында Семей мен Өскеменде қар жауып, күн күрт суытты

  • 18 Сәуiр 2019
  • 56
Фото - Caravan.kz

Семей және Өскемен қалаларында бірінші ауысымдағы 1-шіден бастап 9-сыныпқа дейінгі оқушылар сабақтан босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы облыстық білім басқармасына сілтеме жасап Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті мәлімет берген.

"Білім басқармасының қаулысымен ауа-райы қолайсыздығына байланысты Семей және Өскемен қалаларында бірінші ауысымда оқитын 1-9 сыныптардың оқушылары сабақтан босатылды", — деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар қызметі.

Семей мен Өскемендегі ауа райы

Қазгидрометтің хабарлауынша, бүгін кешкісін Семейде сынап бағанасы -5, ал түнде -7, ал Өскеменде -3 градусқа дейін төмендеп, қар жауып, күн суытады. Ал күндізгі ауа-райы температурасы Семейде +3, Өскеменде +4 градусты көрсетіп тұр.

Ал әлеуметтік желіде қала тұрғындарының бөліскен суреттері мен видеосынан қарды, көктайғақты, тұманды байқауға болады.

"18 сәуір. Семей- Курчатов. Боран. Ертіс өзені, түк көрінбейді", — делінген бір видеоның астындағы жазбада.

 

Соңғы жаңалықтар