Оның ақпаратына жүгінсек, аймақтық ауылшаруашылық банкі 12 млн. теңгеге тең жарғылық қормен 2004-жылдан бастап жұмысқа кіріскен. Бұл банкті 23 шаруа қожалығы бірлесіп құрған. Жаңа ауылшаруашылық банкі ауылдық округтердегі жылжымайтын мүліктерді, жұмыс істеп тұрған ауылшаруашылығы техникасы мен малды несие орнына кепілзат ретінде қабылдайды.
Қазіргі жағдаймен банкте 47 млн. теңгенің несиелік желісі ашылды. Алғашқылардың бірі болып 7 шаруа қожалығы несие алды. Егін шаруашылығымен шұғылданатындарға несие 1 жылға, ал мал шаруашылығын кәсіп еткендерге 3 жылға беріледі.
А.Доғалақовтың айтуынша, банктің жарғылық қорын 20 млн. теңгеге дейін арттырып, 60 млн. теңгеге несиелік желі ашу көзделіп отыр. «Ал болашақта жарғылық қор көлемін 100 млн. теңгег дейін жеткізу межеленген»,- деді ол.