"Семей орманы" резерватының аумағында шыршаларды заңсыз кесумен айналысқан үш браконьер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Семей орманы" резерватының аумағында  шыршаларды заңсыз кесумен айналысқан  үш браконьер ұсталды

"Семей орманы" резерватының аумағында шыршаларды заңсыз кесумен айналысқан үш браконьер ұсталды

СЕМЕЙ. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today. Семей орманы" мемлекеттік табиғи орман резерватының аумағында /Шығыс Қазақстан облысы/ қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесумен айналысқан үш браконьер қолға түсті,-деп Kazakhstan Today агенттігіне резерваттың қорғау бөлімінің бастығы Виктор Синичкин хабарлады.

  • 14 Желтоқсан 2006
  • 399
Фото - Caravan.kz

Оның мәліметтерінше, кеше шамамен 17 сағатта Қраснокордон ормандығын аралау кезінде екі метрлік бес шырша тиеген, мемлекеттік нөмірлері жоқ «Урал» мотоциклі тоқтатылған.

Қолға түскен үш жас жігіт шыршаларды өздеріне және туыстарына кесіп алғандарын айтқан. Алайда біз ағаштардың сату үшін кесілгеніне күмәніміз жоқ,-дейді В.Синичкин.

Қазіргі кезде ұсталғандарға қатысты хаттама толтырып жатырмыз. Олар әкімшілік айыпқа тартылып, айыппұл төлейтін болады. Сондай-ақ шығын көлемі анықталып жатыр,-деді ол.

В. Синичкиннің айтуынша, биыл орман резерваты аумағында бұл осымен бірнеше қайталанған оқиға. Осыдан бір апта бұрын Жаңа Семей филиалында 22 қылқан жапырақты ағаш кесіп алған ер адам қолған түскен болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта