"Семей орманы" табиғи қорығында заңсыз ағаш кесу оқиғалары азайды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Семей орманы" табиғи қорығында заңсыз ағаш кесу оқиғалары азайды

"Семей орманы" табиғи қорығында заңсыз ағаш кесу оқиғалары азайды

"Семей орманы" мемлекеттік табиғи орман қорығында 2004-жылы 11 мың 700 текше метр алқапта заңсыз ағаш кесу оқиғалары тіркелді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қорықтың бас директоры Жұмажан Әубәкіров хабарлады.

  • 12 Қаңтар 2005
  • 856
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бұл сан 2003-жылыдан 7 есе аз. Негізінен бұрынғы жылдардағы өрттен қалған күйелеш ағаш қалдықтары кесілуде, деді Ж.Әубәкіров.

Жалпы алғанда 2004-жылы қорықта табиғат қорғау заңын бұзуға байланысты 299 хаттама жасалып, құқық қорғау мекемелеріне 213 іс тапсырылды. 86 адам әкімшілік жауапкершіліке тартылып, 92 материал сотқа өткерілді.
Ж.Әубәкіровтың айтуынша, 2004-жылы республикалық бюджеттен қорықты қаржыландыру көлемі анағұрлым артып, 470 млн. теңгені құрады. 2003-жылы бұл көрсеткіш 160 млн. теңге болған. Соның нәтижесінде қорық пен оның филиалдарының қызметкерлері жаз және қысқы жұмыс киімдерімен, байланыс құралдарымен, қару-жарақ және техникамен, автокөліктермен, өртке қарсы күрес құралдарымен қамтамасыз етілді. Сонымен бірге орман қорғаушылар штаты 220 адамға дейін ұлғайтылды. «Бұл әрбір қорықшыға нормаға сәйкес 1200 гектар аумақты жауаптандыруға мүмкіндік берді. Ал бұрын бір адам күзететін аумақ бұдан екі есе артық болатын». Сондай-ақ, қорықшылардың айлық жалақысы 6-7 мыңнан 12 мың теңгеге дейін арттырылды.
Қорық басшысының айтуынша, орманшыға жасалатын жағдай жақсарған сайын олардың қорғауындағы учаскелер бойынша талап та күшейтіле түсті. Олар енді әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен де құтыла алмайды.

Перейти к новостям спорта