Семей полигондарында "Шығыс" аймақтық қолбасшылығының командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей полигондарында "Шығыс" аймақтық қолбасшылығының командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді

Семей полигондарында "Шығыс" аймақтық қолбасшылығының командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді

СЕМЕЙ. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today. Семейдегі әскери полигондарда "Шығыс" аймақтық қолбасшылығының командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 13 Қыркүйек 2006
  • 487
Фото - Caravan.kz

«Шығыс» аймақтық қолбасшылығының қолбасшысы Сәкен Жасұзақовтың айтуынша, әскери іс-қимылдар аймақтық қолбасшылық құрамына енетін әскери бөлімдердің жауынгерлік дайындығы жоспарына сәйкес қыркүйектің 5 мен 12 аралығында өткізілді. Оған Қарулы күштердің барлық әскер түрлерінің құрамына қамтылатын 1 мың адам мен 200 әскери техника жұмылдырылды.

Сарбаздар инженерлік-саперлік бөлімшелердің понтонды көпір тұрғызуы мен су бөгетінен өту әрекеттеріне машықтанды.

Бұған қоса «Шығыс» полигонында шартты қарсыласты нысанаға алу арқылы барлық қару түрлерінен тактикалық атыстар іске асырылды.

Оқу-жаттығулар барысында бұған қоса әскерилер құрамының ұрыс қимылдары жағдайындағы күнделікті іс-әрекеттері мен тіршілігін жоспарлау мен ұйымдастыру мәселелері жан-жақты пысықталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта